«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік » №129 жалпы орта білім беретін мектеп
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№129 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік
18
ақпан
2020

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік




Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл – Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2020 жылдың 03 – 12 ақпан күндері арасында «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік декадасының жоспарына сәйкес, «Бәрі Сүйіспеншіліктен басталады» атты өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдері жабылу іс-шарасын өткізді. Мақсаты: бүгінгі күнгі мектептің басты мақсаты және негізгі  міндеті адамзаттық құндылықтары толысқан, мәдениетті , білімді, шығармашылықпен  айналысуға қалыптасқан, алдына  мақсат қоя білетін және сол мақсатқа жету жолында табандылық көрсететін белсенді тұлға қалыптастыру. Онкүндік аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылды. Онда әр күн – ерекше мейірімділікпен, қайырымдылықпен, махаббатпен, құрметпен толтырылған: «Мейірім төгетін ана» кітап үйірмесі ұйымдастырылды, «Адамгершілік пен мейірімділік,ізгілік» дебат сайысы, «Бейбітшілік және достық» ашық хат, сурет, қолөнер көрмесі, «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге –отбасынан » ашық сабақтар, «Ән-көңілдің ажары» атты іс-шаралар өткізілді. Оқушылар әннен шашу шашып, сахналық көріністер көрсетті.  «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар бұл пәннің адам өмірінде өте маңызды екенін сезініп, үлкен өмірге қадам жасау өзіңді  танудан бастау алатынын түсінді. 

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив