03
февраль
2020
«Дарабоз» атты іс-шарасы өтті









Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 3-сынып оқушылары арасында интеллектуалды «Дарабоз» атты іс-шарасы өтті. Мақсаты- оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой - өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға болуына ықпал жасау. Ойын 5 кезеңнен: бәйге, тіл-өнер, көкпар, жеті жұмбақ және жорға сайыстарынан тұрды.Оқушылар 5 топқа бөлініп, әр топ өз басшыларын сайлап алды. Кезеңдер бойынша нақты дәл сұраққа жауап бергендер жұлдызшалармен бағаланып отырды.
Ойын өте қызықты тартысты болды. Сайыс соңына қарай белсене қатысқан сыныпқа мадақтама қағаздарын табыс етті.