27
ақпан
2020
6 «А,Ә» сынып оқушылары Түркістан облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен танысып қайтты.









Шымкент қалалық білім басқармасы, Әл-Фараби ауданына қарасты №129 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 «А,Ә» сынып оқушылары Түркістан облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен танысып қайтты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде, ежелгі заманнан қазірге дейінгі ел тарихын, ұлттық салт дәстүр, рухани мәдениетімізді халыққа, болашаққа, ұрпаққа насихаттау жолында еңбек ету. Мұражайдың ғылыми мәдени білім беру ордасы ғана емес, көпшілік орын екендігі туралы ұғым қалыптастыру мақсатында оқушыларға түсіндірме жұмыс жүргізіліп, ата-бабаларымыздың өз кездерінде қолданған заттарымен, киіз үй, ұлттық киімдерімен таныстырылды. Мұражайға барған оқушылар сан ғасырлық тарихы бар қазақ елінің тарихи құнды жәдігерлерімен танысып, олардың тарихи маңыздылығы туралы ақпарат алды. Оқушылар жаксы көңіл күймен, жақсы әсер алып қайтты