«Робототехника заман талабы» » №129 жалпы орта білім беретін мектеп
Шымкент қаласының білім басқармасының
"№129 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қаңтар
2020

«Робототехника заман талабы»








Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 14-24.01.2020ж. күндері аралығында «Робототехника заман талабы» тақырыбында физика және информатика бірлестігінің сыныптан тыс онкүндік іс-шарасы өтті. Іс-шара мақсаты: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың ақпараттық технологияларға әсіресе қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету.
 Іс-шараның жоспары бойынша «Робототехника заман талабы» туралы қабырға газеттері ілінді. «Ғажайып физика» тақырыбында 7-сыныптар арасында интеллектуалдық ойын сабағы, «Scratch» программасы туралы 6-сыныптар арасында онлайн сабақ, «Робототехника болашақтың бағдары» тақырыбында 8-10 сыныптар арасында сыныптан тыс сабақ, «Инфобілгірлер» тақырыбында 5-сыныптар арасында сайыс сабақ және «Физика құрметтеуге лайық!» 10-сыныптар арасында сыныптан тыс сабақтары өткізілді. Іс-шарада белсене қатысқан оқушыларға әр түрлі сыйлықтар және мадақтама қағаздары берілді

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив