«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы










Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019-2020 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес 2019 жыл 17 қыркүйек күні Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысын сайлау рәсімі ұйымдастырылып өткізілді. Бүгінгі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларынан «Жас Ұлан» ұйымын көшбасшысын сайлау рәсіміне төмендегі үміткерлер қатысты:
1. 10 «А» сынып оқушысы Сапарбай Жасулан
2. 10 « Ә» сынып оқушысы Дихан Аружан
3. 9 «А» сынып оқушысы Төлебек Асқар
4. 9 «Ә» сынып оқушысы Қынашбек Диана
5. 9 «Ә» сынып оқушысы Қаратамыр Исламеддин.
Үміткерлер өздерінің сайлау алды бағдарламаларында мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізу, түрлі әлеуметтік жобалар мен мәдени іс- шараларды ұйымдастыру жоспарымен таныстырды.
«Жас Ұлан» ұйымы көшбасшысын сайлау жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізілді. 8-11 сынып оқушылары қатысып 294 дауыс жиналды. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексеріліп, хаттамаға тіркелді. Ең көп 124 дауыс жинаған 9 "А" сынып оқушысы Төлебек Асқар «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы болып сайланып, оқушылардың және ұстаздардың алдында салтанатты түрде ант берді.