«Екі жұлдыз» байқауы










Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты, Әл-Фараби ауданы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде 2019 жыл 20 қараша күні мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуалды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Әрбір шәкірт-бір жұлдыз» тақырыбында 5-9 сынып жетекшілері мен оқушылары арасында «Екі жұлдыз» байқауы болып өтті. Мектебіміздің басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл мұғалімдеріміз бен дарынды оқушыларды анықтау, Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыруды өз алдына міндет етіп қойып отыр. Байқауға 10 өнерпаз жұп дуэт әндерімен шығып, өз өнерлерін көрермендерге тарту етті. Өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалау және әділ шешім беру №35748 әскери бөлім қызметкерлерінің отбасымен жұмыс ұйымдастыру қызметінің басшысы Ж.Оразбек, М.Ауезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы, мәдениет майталманы Е.Зулыпбекұлы, Сайрам ауданының құрметті азаматы, әнші композитор Б.Алтайға берілді. Қатысушылар байқау барысында ән айту, билеу, өз жұбыңмен бір арнада болу сынды өнерлерін ортаға салды. Екі жұлдыз ән - байқауы қатысушылардың қаншалықты әртіс екендіктерінен бөлек оқушымен мұғалім арасындағы түсінікті, бірлікті, достықты одан әрі арттырғандай болды. Қатысушыларымыздың үстіндегі сәнді костюмдері мен аса талғампаздықпен таңдалған әсем әндері кештің ерекше әсерде өтуіне септігін тигізді. Дегенмен, жеңіс бар жерде жеңіліс бар демекші, әділқазылар шешімімен бас жүлдені 9 «Ә» сынып жетекшісі А.Естаева, шәкірті Д.Қынашбек, І орынды 6 «Ә»сынып жетекшісі М.Тәжібаева, шәкірті А.Бимурза, ІІ орынды 6 «В» сынып жетекшісі Ж.Муталиева, шәкірті М.Әміртай, ІІІ орынды 7 «А» сынып жетекшісі Б.Ильясова, шәкірті А.Амантай иеленді. Ал қалған өнерпаздарымыз түрлі номинациялармен марапатталды.